Кездесудің негізгі мақсаты-темекі шегудің, алкогольдің, нашақорлықтың, ерте жыныстық қатынастың, репродуктивті денсаулықтың және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу бойынша әңгімелер өткізу. Нина Борисовна өз сөзінде ойын әдістерін қолданды, әр тақырып кездесуге қатысушылармен тікелей диалог арқылы қамтылды. Кездесуге барлығы 128 оқушы қатысты.
