Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бала — бұл 18 жасқа толмаған (толық жас) адам.

Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.
Баланың ата-аналарына, заңды өкілдеріне айыппұл салмас үшін нені білу керектігі туралы біз осы материалда айтып береміз.
Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады?
Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне: ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет кафе, компьютер, бильярд бөлмелері, боулинг клубтары мен кинотеатрлар, театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар, ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады.
Сағат 22.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.