Объектілік жаттығуларды өткізу жоспарын орындау және балаларды төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларына үйрету мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебі»
КММ 2022 жылғы 19 қыркүйекте сағат 13.10-да өрт шыққан жағдайда эвакуациялық жаттығу өткізілді.
Эвакуациялау барысында келесі іс-шаралар пысықталды: «өрт дабылы» сигналы бойынша оқушылар саны 422, оқытушылар мен қызметкерлер саны 56, ұйымдасқан түрде барлық эвакуациялық шығу жолдарын пайдалана отырып, 4 минут 16 секунд ішінде ғимараттан шығып, мектеп алдындағы плацқа тұрғызылды.
