Бүгін мектебімізде кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Балақай мектебі» өз жұмысын бастады.
Бұл жоба балалардың мектеп өміріне бейімделуіне, жаңа ортаға үйренуіне, болашақ сыныптастарымен танысып, оқу әлеміне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді.
Алғашқы күннен-ақ бүлдіршіндерді қызықты ойындар, танымдық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар және көтеріңкі көңіл-күй күтеді!
«Балақай мектебі» – баланың мектепке сенімді әрі қуанышпен қадам басуына бастайтын алғашқы баспалдақ!
