10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, ұлттық руханиятымыздың биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының туған күні. Соған орай, "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Әлем мойындаған Абай" атты қалалық квест өтті. Біздің мектеп осы іс-шараға ат салысып, ,,Ой мен Ойын" станциясына жауапты болды. Әр келген командаларға қызықты да, білімді тексеретіндей деңгейдегі тапсырмалар берілді.
Абай мұрасы– өткеннің ескерткіші ғана емес, бүгінгі ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ.
