Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Lesson Study: мұғалімнің көшбасшылығын дамыту»
Мамыр айының 10-ы күні мектебіміз қалалық серіктес мектептер арасында семинар өткізді.
Мақсаты: Тірек мектептер арасындағы байланысты нығайтып, Лессон Стади тақырыбында тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында мектеп директоры алғы сөз сөйледі. Және де мектебіміздің көшбасшылары Испамбетова Л.В, Рақымжанов И.Ғ, Оспанова С.М, Сабитова Г.Ж, Тулекеева А.С, Белянкин А.С, өздерінің әдістемелік жолымен таныстырып, көшбасшылықты дамыту жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Қостанай қаласы Абай атындағы мектептен Сражатова Н.Д., келіп өзінің тәжірибелік жолымен, ұжымда жұмыс істеу, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру тәсілдерімен бөлісті.
Және де мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Жаналиева Г.С., Бақытбек І.Б., Тулекеева А.С., Мурзахметова З.С., заманауи әдістелік жинақтармен таныстырып, жаңа әдістерді көрсетті.
Болашақ көшбасшы жас мамандарымыз Сыбан А.А, Мурзахметова З.С, Жанабаева А.К, қатысушылармен шағын тренинг өткізіп, Лессон Стади зерттеу жұмысының өзектілігі баяндады.
Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.