2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу.
Барша жанашыр азаматтарды, ұйымдар мен кәсіпкерлерді акцияға белсенді қатысуға және балаларға жаңа оқу жылын қуанышпен әрі сеніммен бастауға мүмкіндік жасауға шақырамыз.
Жақсылық жасау – білімге бастар жолды бірге ашу!

