Бүгін №13 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы Рудный қаласының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты.
Биылғы кездесу «Қалалық білім беру саясаты және адами капитал: конституциялық кепілдіктер және нақты білім беру траекториялары» тақырыбына арналды.
Кеңес барысында қалалық білім беру жүйесін дамытудың өзекті бағыттары, білім берудің сапасы мен қолжетімділігі, білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау және адами капиталды дамыту мәселелері қарастырылды.
Тамыз кеңесі кәсіби пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындау үшін маңызды алаң болды.
