«Саламатты мектеп» жобасы білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Негізгі бағыттары:
- дене саулығын нығайту;
- психологиялық әл-ауқатты қолдау;
- дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру;
- гигиена мен қауіпсіздікті сақтау;
- денсаулықты нығайтуға бағытталған тәрбие жұмысы;
- ата-аналармен тиімді ынтымақтастық.
Мақсатымыз – әрбір оқушының денсаулығын сақтап, қауіпсіз әрі қолайлы ортада сапалы білім алуына және салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.
