Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жас ұрпақ бір шаңырақ астында» ұлттық мәдениеттер фестивалі
26 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жас ұрпақ бір шаңырақ астында» атты ұлттық мәдениеттер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары белсене қатысты.
Қатысушылар ұлттық киімдерін көрсетіп, дәстүрлі тағамдарын ұсынып, шығармашылық өнерлерімен бөлісті. Бұл барлық қонақтарға ұмытылмас әсер мен бірліктің ерекше атмосферасын сыйлады!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
Гран-при - 6 «Ә» сыныбы
І орын - 5 «Б» сыныбы
ІІ орын - 5 «Ә» сыныбы
ІІІ орын - 5 «В» сыныбы
5А, 6А, 6Б, 6В сыныптары арнайы номинациялармен марапатталды.
Жарқын өнер көрсеткен оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!