Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

04 ақпанда өзін — өзі тану онкүндігі аясында 5ә сынып оқушылары арасында «Отбасы татулығы» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылармен шығармашылық тапсырмалар, отбасы дәстүрі, кішілерге хат жазу сияқты тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар топтық жұмыстар ұйымдастырылды: 1 топ. Әртістер тобы: Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс дайындады. 2 топ. Ақындар тобы: Сүйіспеншілік, жауапкершілік сөздерін қатыстырып, бір шумақ өлең құрастырды. 3 топ. Суретшілер тобы: «Тату-тәтті отбасы» тақырыбында сурет салды.
Ең бастысы сабақ барысында оқушылардың отбасыда сыйластық, сүйіспеншілік, бауырмалдылық туралы түсініктері кеңейді.