30 наурызда Рудный қаласының оқушылары арасында дойбыдан қалалық біріншілік өтті. Аталған жарыс Махамбет Өтемісовтың туғанына 220 жыл толуына арналды. Мектептен Бекмағамбетов Амир, 8ә1, Үсенбаев Қуанышбек, 5ә1, Шералиева Алина, 8ә қатысты. Команда жетекшісі С. Т. Рахимжанов дене шынықтыру мұғалімі. Жарыс қорытындысы бойынша команда жалпы командалық 2 орынды, жеке біріншілікте 1 орынды Бекмағамбетов Амир, 2 орынды Үсенбаев Қуанышбек иеленді. Амир облыстық дойбы біріншілігінде қалалық команданың атынан шығады. Команда мен басшыны жеңісімен құттықтаймыз.
