10 — тамыз «Абай күніне» орай қалалық тілдер орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «Абай — дана, Абай — дара» атты квест — ойыны өтті. Аталмыш іш-шараға №13 жалпы білім беретін мектебінің жас мамандары: Носенко Екатерина Сергеевна, Ступа Евгения, Викторовна, Борисенко Анжелика Павловна қатысып, ерекше белсенділік танытты. Ал шәкірттерден Ермохина Мария, Доновская Юлия, Петренко Диана дұрыс жауаптарымен қазылар алқасын тәнті етті. Бәйгеге қатысқан «Дос» командасы 50 ұпайдың 41 иеленіп, алғыс хатпен марапаттады. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеп, квест — ойынға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.

