Оқушылар ақынның «Егіннің бастары» , «Екі шыбын» шығармалар мазмұны бойынша, негізгі талаптарға сай сурет салды. «Тілдер мерекесіне» орай 21.09 күні 7-8 сынып оқушылар арасында «Хикая кестесі» атты суреттер сайысы өткізілді.
Мақсаты — Ахмет Байтұрсынұлының шығармалар желісі бойынша сурет салу. Шығарма мазмұнын елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Ұлы тұлға- Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес шығармашылығын паш ету, жастар арасында ақынның мол мұрасын насихаттау
Байқаудың қорытындысы бойынша: 1 орын — 7 «Ә» сынып оқушылары Қайрат Аймарал, Шайкенов Нұртас, 2 орын — 8 «Ә1» сынып оқушылары – Майрамбекова Мадина, Бекмагамбетов Амир, 3 орын – 7 «Ә1» сынып оқушылары –Базарова Көлкер, Джаббаров Рамазан. Оқушылар арнайы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Оқушыларымызға білім нәрімен сусындап, биік шыңдарды бағындыра беруді тілейміз.
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жусипова У.А.

