Интерактивті алаң мектебімізде ең алғаш жаңа форматта өткізілді.
ӘБ барлық ұстаздары түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларды үзілістерде интеллектуалды ойындармен қызығушылықтарын оята білді. Атап айтсақ, 8 сыныптар арасында Есентемірова Б.Т. «Мақал - мәтелдер сыры» атты іс-шарасына оқушылар ынта жігермен қатысты. Көлемді де күрделі мақал- мәтелдерді жатқа айта білді. Көбіне ребус түрінде берілді. Суреттің сырын ұғынып, оны оқушылар мақалға айналдырды. Арамызға биыл келген Тиянакова К.А. «Тіл жүйрігі», «Күз кереметі» сайыстарында оқушылар белсенділік танытты. Шәкірттердің қызығушылығы оянғаны сондай сабақтан соң да қайта келіп жарыстарын жалғастырып жатты. Қазақ сыныптары арасында да додалы бәйге Сабитова Г.Ж. , Жусипова Ұ.А.
ұйымдастыруымен «Көшбасшы – тіл патшасы» атты сайыс жоғарғы деңгейде өтті. Өз білімі мен интеллектілік дарынына сенімді шәкірттер бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Қызықты қазақ тілі әлемі»
2,3-сыныптар арасында Мадьярова А.Т. мен Садықова А. С. ұйымдастыруымен топтық жарсы та өз деңгейіне жетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ апталығына арналған интерактивті алаңында өткізілген іс-шараларда өте жақсы, белсенді танымдық қабілетімен көрінген кейбір шәкірттер: Гайсина А., Супряткин А., Могильницкая А., Тютяев Д., Молдакан Ұ., Тарасов Д., т,б шәкірттер жеңіс тұғырынан көріне білді. Аталған балалар мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.
Интерактивті алаңды өткізу оқушылар үшін өте маңызды. Оларды басқа қырынан да байқауға мүмкіндік туады. Сондықтан қашықтық білім сайыстарын да ұйымдастыруға болады деген ұсыныстар ӘБ мүшелерінің ойлары ортаға салынды. Бұны да назардан қалдырмай, іске асыруға болады. Ең басты ұстаздар мен оқушылардың қарым-қатынасы, оқушы бойында қызығушылығын ояту болып саналады.



