Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды. Тілдің қадір-қасиетін арттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын атаулы мереке құрметіне дәстүрлі түрде жыл сайын Рудный қаласы №13 орта мектебінің қабырғасында, Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік апталығы өтті.

Мақсаты: еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол-да¬нуын насихаттау, тіл – тату¬лықтың, достықтың тетігі, тәр¬биенің көзі, халықты бі¬ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру, өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.

Тіл мерекесіне арналған әр түрлі шаралар жүзеге асты. Аптаның жоспарланған іс-шараларын орындалуына ұстаздар мен оқушылар белсенді ат салысты.



Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру боп келеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бисенәлиева Г.Ш. және Дүйсенбі К.И. 5-8 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы-таңырқа!» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Сайыс күнделікті «Абай ауылында» өткізіліп тұрды. Абай – халқымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақыны, ойшыл да сыншыл данышпаны. Қазақ әдебиетіне кіргізген жаналығы да көп. Ұлы ғалым М. Әуезов Абайды: «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі», -деп бағалаған. Абай – қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы; тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең –жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген. Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан. Оқушылар көптеген мәліметтер жинақтап, викторина сұрақтарына қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жауап беріп, жақын таныса білді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен белсене қатысты.



Жоғары сынып мұғалімі Мадьярова А.Т. «Абайдың қара сөздері сөйлейді» атты пікірталас өткізді. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәннен алған білімдерін ортаға сала отырып, сайысты. Отанға деген сүйіспеншіліктерін, отбасына қамқорлық ете білу, мәдени көзқарастарын дұрыс жолға қоюға ықпал ететін тақырыптарды талқылауда белсенділік танытты.



6 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есентемірова Базаргүл Төлеуқызы Алтынсариннің «Әке мен бала» атты тәрбиелік мәні бар шығармасының қойылымын ұсынды. Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Оқушылар белсене қатысып, қазақ тілінде өте жоғары деңгейде сөйлетіңдерін көрсете білді.



Өздері қорытынды түйін жасап: Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екеніне көздері жетті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мусина Д.Т. мен Садыкова А.С. «Кел, балалар, оқылық!» атты шығармашылық іс-шара 7 сынып оқушыларымен «Ыбырай ауылына» саяхат жасады. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі,қазақ балалар әдебиетінің атасы, заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.



«Тіл шеберлігі» атты бинго сайысы бастауыш 3-4 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мұғалімдері Тиянақова К.А. және Ниязбаева Б. Б. ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсаты оқушылардың білім деңгейін жоғарлату, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілді үйренуге құлшыныстарын ояту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін ұштау, шығармашылық белсенділігін дамыту.Оқушылар тақпақтарды жатқа айтып өз ара сайысты.



Негізгі іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, ұстаздардың өз мамандықтарына сай шеберліктері көріне білді.Тіл мерекесіне арналған апталықтың жоғары деңгейінде өтілуіне барлық сынып оқушылары атсалысты. Жеңімпаз топтар, сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бисенәлиева Г.Ш., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі