Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тіл заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру, мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын  №13 орта мектебінің қабырғасында, Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесіне арналған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің пәндік  апталығы өтеді. Биылғи оқу жылының ерекшелігіне байланысты Тіл мерекесіне арналған әр түрлі шаралар дистанционды форматында,онлайн режимінде жүзеге асып жатыр.Аптаның жоспарланған іс-шараларын орындауында ұстаздар мен оқушылар ат салысуда.


 


Қыркүйектің жиырма төрті  күні  9 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есентемірова Базаргүл Төлеуқызы  «Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі» атты тнтеллектуалды ойының өткізді. Интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрды. Оқушылар қазақ тілінен  өте жоғары білім көрсетті, оқытып жүрген Валиева Шынар Көбенқызы мен Есентемірова Базаргүл Төлеуқызының еңбегін ақтады.

Өткізілген  іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Мадьярова Айнұр Төлендіқызы және биология пәні мұғалімі  Маленкова Елена Яковлевна қатысты, Әділқазылар қызметінде еңбектерін сіңіріп, әділ баға  ұсынды.

Ойынның нәтижесінде «Білгірлер» тобы жеңіске жетті. Оқушылардың барлығы ойынға белсенді қатысты, бірақ сонда да ең үздік ойыншылардың есімдерін атап шыққым келеді. Олар: Куваков Алексей, Зантария Альберт, Кушеров Данияр, Васянина Нина, Ковальчук Иван.