2023 жылы 10 наурызда Қостанай облысының педагогтері үшін Даулетбаев Тобыл Еслямгалиұлы атындағы Х ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Мұғалімдер өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сабитова Гүлбану Жанайдарқызы “Жағдаятты шешу, талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбында ой бөлісіп келді.

