Тіл заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру, мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын №13 орта мектебінің қабырғасында, Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесіне арналған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің пәндік апталығы өтеді. Биылғи оқу жылының ерекшелігіне байланысты Тіл мерекесіне арналған әр түрлі шаралар дистанционды форматында,онлайн режимінде жүзеге асып жатыр.Аптаның жоспарланған іс-шараларын орындауында ұстаздар мен оқушылар ат салысуда.
Қыркүйектің жиырма төрті күні 9 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есентемірова Базаргүл Төлеуқызы «Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі» атты тнтеллектуалды ойының өткізді. Интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрды. Оқушылар қазақ тілінен өте жоғары білім көрсетті, оқытып жүрген Валиева Шынар Көбенқызы мен Есентемірова Базаргүл Төлеуқызының еңбегін ақтады.
Өткізілген іс-шараға қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Мадьярова Айнұр Төлендіқызы және биология пәні мұғалімі Маленкова Елена Яковлевна қатысты, Әділқазылар қызметінде еңбектерін сіңіріп, әділ баға ұсынды.
Ойынның нәтижесінде «Білгірлер» тобы жеңіске жетті. Оқушылардың барлығы ойынға белсенді қатысты, бірақ сонда да ең үздік ойыншылардың есімдерін атап шыққым келеді. Олар: Куваков Алексей, Зантария Альберт, Кушеров Данияр, Васянина Нина, Ковальчук Иван.


