19-23 қыркүйек аралығында дәуірдің жарық жұлдызы ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 толуына арналған қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің апталығының жоспары бойынша оқытуы орыс тіліндегі 11 «А»,7 «А» сынып оқушыларымен «Жазушымен сұхбаттасу» атты сахналық қойылымы өтті.Сабақтан тыс шараның мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылымы еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Шара өте жоғары дәрежеде өтті.Оқушылар белсенді қатысып,ұлы ғалым,жазушы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы жақсы білімдерін көрсетті: 11 сынып оқушылары Назарбек Нұрбану, Минчик Юлия, 7 сынып оқушылары: Бакирова Любовь, Балакин Вадим, Овсиенко Алексия,Молдакан Улан, Ионов Костантин.
Сахналық қойылымды ұйымдастырған және өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есентемирова Базаргүл Төлеуқызы.

